09 шілде 2021 09:03

Қазақстандық вирусолог коронавирусқа адамнан не керегін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Вирусолог Әсел Мұсабекова Жетінші арнадағы "Студия 7" бағдарламасында коронавирусқа адамнан не керегін және қазақстандықтар пандемияны тоқтату үшін не істеу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Вирусолог Әсел Мұсабекова Жетінші арнадағы "Студия 7" бағдарламасында коронавирусқа адамнан не керегін және қазақстандықтар пандемияны тоқтату үшін не істеу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әсел Мұсабекованың сөзінше, вирус ең алдымен "қожайынына" үйренісуі керек, ал ол үшін инфекция мутацияланады.  

"Коронавирус бір жылдан аса уақыт бұрын жаңа "қожайынына" - адам ағзасына түсті. Ол үйренісуі керек. Ал вирус үйренісуі үшін өзін өзгертіп, мутациялануы керек. Мутация - негізі РНҚ-ның өзгеруі, яғни генетикалық кодтағы әріптің өзгеруі. Кейбір мутация вирустың өзінде сақталып, жаңа түрі не штамм шығады, ал кейбірі бір пайда болып, сосын жоғалып кетеді. Коронавирусқа не керек? Ол адам ағзасында ұзақ сақталуы үшін тез жұғуды мақсат етеді. Сонымен қатар, ол иесіне үйренісіп, өзге де коронавирустар секілді әр маусым сайын қайта келіп отыруды ойлайды", - дейді маман. 

Мұсабекованың айтуынша, вирус адамға жұққан кезінде мутацияланып, өзгеріп отыру мүмкіндігі жоғары. 

Маман пандемияны тоқтату үшін бірнеше ережені сақтауды сұрады. 

"Өтініш, қонаққа бармаңыздар, басқа адамдарға вирус жұқтырмаңыздар, арақашықтықты сақтаңыздар. Қазір біз пандемияны түгел өзгертетін негізгі кезең болып тұр", - дейді вирусолог. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети