Қазақстанда соңғы 20 жылда қатерлі ісік сырқаттары көбейіп келеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мәжілісте өткен үкімет сағатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда соңғы 20 жылда қатерлі ісік сырқаттары көбейіп келеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мәжілісте өткен үкімет сағатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министр 2019 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша диспансерлік бақылауда қатерлі ісігі бар 181 344 науқас тіркелгенін мәлімдеді.
"2018 жылы 35 753 адам алғаш рет тіркелді, олардың 44,3 пайызы - ер адам, ал 55,7 пайызы - әйелдер. Қатерлі ісіктен қайтыс болғандардың ішінде ер адамдар көбірек - 53,8 пайыз. Алғаш рет ауырғандардың 60 пайызы - 18 жастан 63-ке дейінгі еңбекке жарамды адамдар. Сырқаттану құрылымында көш бастап тұрғандар: сүт безінің қатерлі ісігі (12,6 пайыз), өкпе қатерлі ісігі (9,9 пайыз), асқазан қатерлі ісігі (7,4 пайыз), жатыр мойны қатерлі ісігі және тоқ ішек қатерлігі ісігі (4,7 пайыз)", - деді Біртанов.
Көп жағдайда өкпе ісігі (16,5 пайыз), асқазан ісігі (11,5) мен сүт безі ісігінің (8,4) өлімнің басты себебі болатыны айтылады.