Қазақстанға Түркиядан өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға Түркиядан өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді Фото: Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстанға Түркиядан гуманитарлық көмек ретінде 5 өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға Түркиядан гуманитарлық көмек ретінде 5 өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кеше таңертең Алматы қаласының әуежайына аппарат толық жиынтығымен жеткізілді. Өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратын індетпен күресті қолдау ретінде Қазақстанға Beko тұрмыстық техникасының еуропалық бренді жіберді. Өмірді сақтап қалуға арналған жабдық Түркияның алдыңғы қатарлы кәсіпорындарымен ынтымақтастықта жобаланып, жасап шығарылды және ол қауіпсіздіктің барлық халықаралық талабы мен стандартына сай келеді", - делінген хабарламада.

Ведомстводағылар әкелінген аппараттар Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ЖШККА) берілгенін атап өтті.

"Компания өкілдерінің хабарлауына қарағанда, биыл көктемде 120 инженерден тұратын топ бар-жоғы 2 аптаның ішінде Ыстамбул қаласындағы Arcelik Garage - ашық инновациялық орталығында аппараттың алғашқы прототипін жобалап, тестілеуден өткізген. Маусым айының басына қарай оның Cerkezkoy electronics орталығында коммерциялық негізде ел ішіне және одан тыс жерлерге бөліп беру үшін 5000 аппарат жасап шығарған.

Компанияның өкпенді жасанды тыныс алдыру аппаратын індеттің алғашқы кезеңінде вируспен күрес жүргізіп жатқан елдерге сыйға тарту ниеті бар. Аталған бастама аясында 5 аппаратты Қазақстан алды. Қазіргі уақытта, келген аппараттар кедендік тексеруден өтіп, Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ЖШККА) берілді", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети