Қазақстанның қай өңірлерінде қауіпті дерт көп тіркелгені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның қай өңірлерінде қауіпті дерт көп тіркелгені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Былтырғы жылдың ашық деректеріге сәйкес аурулар бойынша жоғарғы көрсеткіштер Павлодар облысында (76078,9), одан кейін Алматы қаласы (69351,6) мен Жамбыл облысында ( 67538,4) байқалған. Ал аурулар бойынша ең төменгі көрсеткіш Атырау (29480) және Батыс Қазақстан облыстарында (42853) тіркелген.
Былтырғы жылдың қорытындыларына сәйкес қатерлі ісіктерге қатысты аурулар бойынша Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр (337,8), одан кейін Павлодар облысы (302,3), Қостанай облысы (299,8). Ең төмен көрсеткіш Алматы (53,1) және Оңтүстік Қазақстан облыстарының (101) үлесінде.
Өкпе туберкулезі ауруы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында жоғарғы көрсеткіш (72,9) тіркелген, Ақмола облысы (70,8), Атырау облысы (66,3). Ал Алматы (36,7) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (40,8) туберкулезге шалдыққандар басқа аймақтарға қарағанда аз болып шықты.
Солтүстік Қазақстан облысы қант диабеті бойынша көш бастап келеді. Мұндағы көрсеткіш 304,5 құраса, Қостанай облысында 294,2, Павлодар облысында 270. Маңғыстау облысында ең төтен көрсеткіш 132,7-ті құрады.