Қазнетте "ұрлыққа қарсы дабыл жүйесі қатерлі ісік тудыратыны" туралы видео талқыланып жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қазақстандық желі қолданушылары дүкендер есігінде орнатылған ұрлыққа қарсы дабыл жүйесі қауіпті ауруларды тудыруы мүмкін екенін дәлелдеуге тырысқан ер адамның видеосын талқылап жатыр, - деп хабарлайды StopFake.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық желі қолданушылары дүкендер есігінде орнатылған ұрлыққа қарсы дабыл жүйесі қауіпті ауруларды тудыруы мүмкін екенін дәлелдеуге тырысқан ер адамның видеосын талқылап жатыр, - деп хабарлайды StopFake.kz.

Видео авторы дүкен есігіндегі ұрлыққа қарсы дабыл жүйесі жақтауына белгісіз құрылғыны жақындатып өлшеу жүргізеді. Ер адам камераға өлшеу нәтижелерін көрсетіп, көрсеткіштің "мыңға жеткенін" мәлімдейді. Оның айтуынша, бұл қауіпті ауруларды тудыруы мүмкін.

Видеода қолданылған құрылғы - электромагнит сәулеленуін анықтайтын ЭМС BR-9A ықшам өлшегіш құралы.

"Оны қытайлық интернет-дүкендерден 19 еуроға сатып алуға болады. Өндірушінің айтуынша, құрылғы қуаттың спектрлік тығыздығын, электр және магнит өрістері қуатын өлшей алады. Құрылғы көрсеткіштері дәлдігіне кепілдік және оны калибрлеу туралы еш жерде айтылмаған. Кейбір сатып алушылар пікіріне сүйенсек, құрылғы көрсеткіштері дәл емес", - деп жазады Stopfake.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, видеода көрсетілген электромагнит өрісін өлшеу әдісі дұрыс емес. Адам немесе басқа тірі ағзаларға әсері туралы нақты қорытынды жасау үшін бірнеше орында өлшеу жүргізу қажет. Мысалы, дүкен туралы айтсақ, қызметкерлердің жұмыс орны, сауда залы және қойма.

"Видеода өлшеу құралы жақтауға тығыз басылып өлшенгенін көруге болады. Дегенмен, құрылғы көрсеткіші рұқсат етілген нормадан асқан жоқ. Ол жиілікке байланысты сигнал қуатының таралуын сипаттайтын функция (жиіліктің бір интервалына келетін қуат). Мұндай көрсеткішті өлшеу құралының объектіге барынша жақын ұсталғанымен түсіндіруге болады", - деп жазылған порталда.

Адамдар үшін магнит өрісінің әсер ету нормасы 40 мТ шегінде белгіленген. Видеодағы құрылғы 33,655 мТ көрсетті, бұл максималды рұқсат етілген мәннен аспайды.

"Электромагниттік сәулелену иондаушы емес, яғни "радиация" термині оған қолданылмайды. Видеода пайдаланылған құрылғы көрсеткіштері дәлдігін растау мүмкін емес. Осыны ескерсек, көрсеткіштер адамға қауіп төндірмейді", - деп қорытындылады Stopfake.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro