Тәттіден бас тарту тіс ауруының алдын ала ма? Ал тіс ауруы тұқым қуалай ма? Tengrinews.kz тілшісі тіс дәрігері Қалбек Құлназаровпен сөйлесіп, тіс күтіміне байланысты көп тараған түсініктер қаншалықты шын екенін анықтап көрді.
Тәттіден бас тарту тіс ауруының алдын ала ма? Ал тіс ауруы тұқым қуалай ма? Tengrinews.kz тілшісі тіс дәрігері Қалбек Құлназаровпен сөйлесіп, тіс күтіміне байланысты көп тараған түсініктер қаншалықты шын екенін анықтап көрді.
"Тәттілер негізі тіске зиян емес. Басты, зиян ауыз қуысындағы тәттімен қоректенетін түрлі микроағзалардан бөлінетін қышқылдан келеді. Тәттімен ауыз қуысындағы 500-ге жуық микроағза қоректенеді, көбейеді. Соның ішінде стрептококк мутансынан бөлінген сұйықтық тіс кіреукесін ерітіп, әрі қарай басқа да тіс ауруларына себеп болады", - деді маман.
"Алманы тамақтан кейін жеу пайдалы. Ол тамақтан кейінгі қалдықтарды механикалық тұрғыдан тазалауға көмектеседі. Бірақ алма жеу ғана тазартады дегенге сенбеу керек. Одан бөлек күніне 2-3 мәрте тіс пастасымен тазалау қажет", - деді Қалбек Құлназаров.
"Сағыздың түрлері көп. Тәтті сағыз құрамында қоспа бар. Бұлар тәтті болғасын, әсері болады. Ал кейбір сағыз түрлері тамақ ішкеннен кейін ас қалдықтарын тазалайды. Көп дегенде 20 минут пайдалануға болады. Сағызды шамадан тыс көп қолдану да зиян", - деді тіс дәрігері.
"Адам кем дегенде жылына 2 рет тіс дәрігеріне көрініп тұруы қажет. Бұл адамға тек пайдасын тигізеді. Өйткені кейбір тіс аурулары білінбейді. Енді басталған тіс аурулары науқасты мазаламауы мүмкін. Ал оны тек тіс дәрігері ғана байқай алады. Осылайша, дер кезінде алдын алуға болады", - деді тіс дәрігері.
"Бұл тіс щеткасының сапасына байланысты болады. Арзан бағадағы тіс щеткаларын үнемі ауыстыру қажет. Ал қымбат щеткаларды жарты жыл сайын, 4 ай сайын ауыстырып тұрған абзал. Өйткені талшықтары тоза береді", - деді ол.
"Айналмалы қозғалыстар жасау арқылы қолмен тазалаған әлдеқайда дұрыс", - деді тіс дәрігері.
"Жалбыз қосылған тіс пастасы адамның ауыз қуысындағы жағымсыз иістерді жоюға көмектеседі. Ал "қай пастаны таңдаған дұрыс?" деген мәселе әр адамның өзіне байланысты болады. Мысалы, кейбір адамдарға минералды заттар қажет болса, құрамында фтор бар пасталарды қолдануына болады. Керісінше, флюорозбен (ағзада фторид артуынан туындайтын тіс ауруы - еск. авт.) ауыратын науқастар құрамында кальций бар пасталарды қолдана алады. Қызыл иектері қанайтын науқастар қызыл иекті емдеуге арналған пасталарды пайдалана алады", - деді тіс дәрігері.
"Ақыл тіс басқа тістерге зиянын тигізбей, түзу шықса және тіс ауыра бастаған кезде бірден емдеуге болады. Ал ауру меңдеп кетсе, көптеген тіс дәрігері оны жұлып тастауды жөн санайды. Өйткені ақыл тістің түбірлері тым тереңде болады. Ал науқас ақыл тісін жұлғызғысы келмесе, тісі ауырып бастаған кезде бірден дәрігерге жүгінуі қажет", - деді тіс маманы.
"Газдалған сусын ауыз қуысындағы ph-ты өзгертеді. Яғни микробтарға қарсы әсерді әлсіретіп жібереді. Сол арқылы микроағзалар көбеюіне қолайлы орта туғызады. Газ тістегі деминерализация процесстерінің болуына әкеледі", - деді тіс дәрігері.
"Кейбір тіс аурулары, мысалы тіс жегісіне бейімділік тұқым қуалауы мүмкін. Ол медицинада дәлелденген. Мысалы, ата-анасында тіс жегісіне бейімділік жоғары болса, баласында да қайталанады. Сол секілді тістердің орналасуы да тұқым қуалайды. Ағзада кальций, фосфор, фтор секілді минералды заттардың жетіспеуі де тістің, тіс тіндерінің зақымдануына әкеп соғады. Қан айналымы дұрыс жұмыс істемейтін науқастардың қызыл иегінде проблема болуы мүмкін", - деп түсіндірді маман.
"Медицина дамуына байланысты тіс ауруы адам өліміне аса көп себеп болмайды. Бірақ бұл ерте емдеткен жағдайда ғана. Тіс емделмесе, өзі ғана бүлінбей, қызыл иек, жақ сүйектерін де зақымдайды. Адамның жақ сүйегі зақымданса, остеомиелит болса, ағзаға қауіп төнеді. Өйткені тіс бас сүйегінде, миға жақын жерде орналасқан. Сондықтан кез келген қабыну процесі тез дамиды. Денсаулыққа зияны да артады, мұндай жағдайға жеткізбеу қажет", - деді ол.
"Бұл адамға байланысты болады. Әр адам өзіне қандай қажет екенін маманмен ақылдасып алғаны жөн", - деді тіс дәрігері.
"Балаға тәтті бермеу тіс ауруының біраз алдын алады. Бірақ сонымен ғана шектеліп қалмау қажет. Тәтті берген күннің өзінде де балаға дұрыс тіс күтімін жасауды үйретсе, тіс ауруларымен ерте күресуге болады. Кез келген нәрсенің арасында баланс болады. Сол баланс сақталса, ауырмай өмір сүруге болады. Тамақтануда, гигиенада, бәрінде баланс сақталуы қажет", - деп түйіндеді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!