Кофенің жаңа пайдасы анықталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кофенің жаңа пайдасы анықталды

Қытайдағы Циндао институтындағы ғалымдар кофеинді тұтыну қызару, қабыну және қан тамырларының кеңеюін тудыратын розацеа, яғни созылмалы тері ауруларының дамуын азайтатынын дәлелдеді. Бұл туралы MedicalXpress порталы баспасөз хабарламасында жариялады. 

Мамандар Nurses' Health Study II зерттеуіне қатысқан 82 737 әйелдің денсаулығын тексерді. Олар әртүрлі фактордың денсаулық пен аурулардың дамуына әсерін зерттеді. Бақылау барысында зерттеушілер 4 945 жағдайда розацеа белгісін байқаған. Сондай-ақ тұтынылған кофеин мөлшерінің артуы, бұл аурудың даму қаупін төмендеткен. Осылайша, розацеа дертінің пайда болуы кофені айына бір реттен аз тұтынғандарда оны көп мөлшерде ішетіндермен салыстырғанда 0,77 көп. 

Ғалымдардың айтуынша, зерттеу нәтижесі кофеиннің розацеаны қоздыратын қасиеті бар деген гипотезаны жоққа шығарады. Дегенмен, оның жақсы әсер етуі механизмі әлі белгісіз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети