14 қаңтар 2015 | 14:15

Көп уақыт жұмыс істейтін адам маскүнем болып кетуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ves.lv ©ves.lv

Ғалымдардың халықаралық ұжымы ішімдік ішу мен көп уақыт бойы жұмыс істеуге байланысты тарихта болмаған зерттеу жасады, - деп хабарлайды New Scientist порталы. Ғалымдар зерттеу нәтижесін British Medical Journal журналында жариялады. 


Иконка комментария блок соц сети

Ғалымдардың халықаралық ұжымы ішімдік ішу мен көп уақыт бойы жұмыс істеуге байланысты тарихта болмаған зерттеу жасады, - деп хабарлайды New Scientist порталы. Ғалымдар зерттеу нәтижесін British Medical Journal журналында жариялады. 

Ғалымдар жалпы 14 елден, оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Австралия және Германиядан 330 мың адамды зерттеп, 61 ғылыми жұмысты біріктіріп отыр. Зерттеудің нәтижесінде жұмыс уақытының ұзаруы адамды күйзеліске, ұйқысыздыққа шалдықтыратыны анықталды. Ғалымдардың айтуынша, бұдан шығатын бір ғана жол бар - ішімдік. 

Еуропа одағында аптасына 40 сағат жұмыс уақыты қалыпты саналады. Егер жұмыс аптасы 48 сағатқа жетсе, онда ішімдікке салыну қаупі 11 пайызға жоғарылайды. Ал 49-54 сағаттан асып түссе ішімдікке тәуелді болу қаупі 13 пайызға өседі.

Мұндай жағдай, ғалымдардың пікірінше, көбінде әйелдерге қарағанда ер адамдарда байқалады. Сонымен қатар, ғалымдар бұл қорытындының адамдардың географиясына, әлеуметтік және экономикалық статусына байланысты еместігін айтады. Мұнымен қатар, көп уақыт бойы жұмыс столынан кетпейтіндердің арасында ішімдікке салынғандардың шын мәніндегі көрсеткіші өте жоғары екен. Себебі ғалымдар бұл зерттеуді адамдардан ерікті түрде алынған сауалнамалар арқылы жасалғанын, ал адамның сұраққа жауап бергенде өзі туралы мәліметті сәл "жұмсартып" айтатынынан деп отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети