Көп ұзамай біздің ғаламшарды жазылмайтын індет жаулап алуы мүмкін - ғалымдар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көп ұзамай біздің ғаламшарды жазылмайтын індет жаулап алуы мүмкін - ғалымдар © NPR

Көп ұзамай біздің ғаламшарды індет жаулап алуы мүмкін, ол өсімдіктерді, жануарларды және адамдарды жойып жібереді. Індетті емделмейтін грибоктар тудыруы мүмкін. Бұл жөнінде Лондонның Импер колледжі мен Эксетер университетіндегі ғалымдар мәлімдеді, олардың зерттеуі Science ғылыми журналына жарияланды, деп хабарлады РИА Новости.

Мамандардың тұжырымы бойынша, грибок "супербактерияларға" айналып, антибиотиктерге қарсы тұратын болады және медицина мен ауыл шаруашылығында жиі қолданылатын грибокқа қарсы препараттарды қабылдамайтын болады. Оған стоматит, табан эпидермофитиясы, дерматофития мен онихомикозды емдеу үшін дәрі-дәрмектерді үнемі ішу себепші болады.

Ғалымдардың мәліметінше, бұл қауіпке жеткілікті назар аударылмай отыр, дегенмен ол көп ұзамай біліне бастайды. Олардың айтуынша, дәрі-дәрмектер грибоктардың әлсіз тұстарын ғана жоя алады, ал күштілері тіріліп, дамып, грибокқа қарсы препараттарға көнбейтін болады. Осыған байланысты мамандар қауіпке төтеп бере алатын дәрі жасауға шақырып отыр.

Ғалымдардың сөзіне қарағанда, мұндай инфекциялар сүт безінің қатерлі ісігі мен безгектен қаза болатындардан да көп өмірді жалмауы мүмкін. Сонымен қатар, зерттеудің авторлары грибоктың кесірінен болатын дерттердің құрбандары туберкулез бен ЖИТС-тен өлім құшатындар санымен бірдей екенін айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети