Коронавирус: Адамдар бір-бірінен қандай қашықта тұрса вирус жұқпайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус: Адамдар бір-бірінен қандай қашықта тұрса вирус жұқпайды? © REUTERS

Жапониялық дәрігер, эпидемиолог Сато Акихиро адамдар қандай қашықта болғанда коронавирустың қаупі жоғары болатынын айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапониялық дәрігер, эпидемиолог Сато Акихиро адамдар қандай қашықта болғанда коронавирустың қаупі жоғары болатынын айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дәрігердің айтуынша, бес мыңнан аса адам шоғырланатын іс-шараларға тыйым салудың пайдасы жоқ. Іс-шара ашық алаңда өтсе де, ғимаратта өтсе де оның еш айырмашылығы жоқ дейді.

"Мұнда мәселе адамдардың саны емес, іс-шара болып жатқан кезде жиналғандардың бір-бірінен қандай қашықта тұрғанында. Сондықтан адамдардың санына шектеу қоюдың еш мәні жоқ. Мысалы, ондаған мың адам жиналды делік, бірақ олар бір-бірінен 1,5-2 метр қашықта тұрады және бұл іс-шара далада өтіп жатыр. Олар бір-бірімен мүлде сөйлеспейді. Дәл осы жағдайда ешкімге қауіп төнбейді. Ал бірақ егер бір топ адам ғимаратта жиналып және олар бір-бірінен 30 сантиметрден аса қашықта тұрып әңгімелессе, бұл өте қауіпті. Олай істеуге болмайды", - дейді Сато Акихиро.

Эпидемиолог 100 адам болсын, 5000 адам болсын - олар қашықты сақтамаса, ешқандай айырмашылық жоқ дейді.

Сондай-ақ, оның айтуынша, әлем халқының 60-70 пайызы коронавирус жұқтырады деген болжам болмайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети