Коронавирус және пневмония: тағы 19 адам қайтыс болды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус және пневмония: тағы 19 адам қайтыс болды Фото: © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Коронавирус және пневмониядан 19 қазақстандық қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус және пневмониядан 19 қазақстандық қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

"30.10.2021 жылы пневмонияның 28 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 57 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар - 79652, 5036 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 68917-ге жетті", - делінген хабарламада.

1 қарашадағы мәлімет бойынша, 46 492 адам коронавирус инфекциясынан (–40 793 + және 5 699 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 8 412 пациент стационарда, 38 080 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 590 адамның жағдайы ауыр,
• 149 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 94 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети