Коронавирус жұқтырмаған және вакцина салдырмаған адамдарды не күтеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус жұқтырмаған және вакцина салдырмаған адамдарды не күтеді? Фото ©REUTERS

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе салдырғандар саны күн сайын артып келеді. Алайда коронавирус жұқтырмаған және жеке себептермен вакцинациядан бас тартқан адамдар да бар. Аллерголог-иммунолог Владимир Болибок Sputnik радиосына берген сұхбатында "Ұжымдық иммунитет қалыптасса, олар қауіпсіз ортада бола ма?" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе салдырғандар саны күн сайын артып келеді. Алайда коронавирус жұқтырмаған және жеке себептермен вакцинациядан бас тартқан адамдар да бар. Аллерголог-иммунолог Владимир Болибок Sputnik радиосына берген сұхбатында "Ұжымдық иммунитет қалыптасса, олар қауіпсіз ортада бола ма?" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұжымдық иммунитет адамға ешқандай әсер етпейді. Адамның иммунитеті болмаса және ол байланысқа түссе, сәйкесінше оның ауырып қалу қаупі бар. Жағдайына қарай коронавирус инфекциясының жеңіл немесе өте ауыр түрімен ауыруы мүмкін. Ұжымдық иммунитеттің дамуын күту - эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау үшін маңызды. Онда шектеулерді сақтау немесе жою туралы шешім жасалады", - деді Владимир Болибок.

Ауырмаған және коронавирусқа қарсы иммунитеті жоқ адам әлі де сақтық шараларын сақтауы керек, дейді иммунолог.

"Адам вирус жұқтырмаса, ол бәрін дұрыс жасап жүр деген сөз, сақтық шараларын сақтауды жалғастыра беру керек. Қазір коронавирустың таралу арналары толығымен жойылды деу қиын", - деді Владимир Болибок.

Дәрігердің айтуынша, COVID-19-бен ауырмаған және вакцинацияланбаған адамдар үшін арнайы шектеулер пайда болуы екіталай.

"Коронавирус жұқтырмаған адамдардың әлеуметтік мәртебесі өзгереді деп айта алмаймын. Алайда реттеу деңгейінде шешімдер болуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір мекемеге вакцина салдырған адамдар ғана жұмысқа қабылдануы мүмкін. Қазір мектепке дейінгі балалар мекемелеріне дифтерия, қызылшаға қарсы егілген адамдарды қабылдайды, олар бактериялық инфекцияларға тексеріледі. Кейін коронавируспен ауырмаған адамдарға қандай да бір талаптар қойылуы да мүмкін", - дейді Владимир Болибок.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети