Коронавирус: Қазақстанда 170 адамның жағдайы нашар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус: Қазақстанда 170 адамның жағдайы нашар Фото: Tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 6 тамызға арналған коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 6 тамызға арналған коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта коронавирус  инфекциясын жұқтырып, ауырып қалған 25 912 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 139 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 507 науқас жатыр. 20 405 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр. Жалпы науқастардың арасында 170 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 36 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 41 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны  95 942-ге жетті. 68 871 науқас аурудан айықты, 1058 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети