Коронавирус: Қазақстанда науқасты "емдейтін" ақжелкекке сұраныс артты

viewings icon 713 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© elements.envato.com © elements.envato.com

Қазақстанда пандемия кезінде ақжелкекке деген сұраныс артты. Себебі оның коронавирус жұқтырған адамдарды емдейтін қасиеті бар деген хабарлама тараған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда пандемия кезінде ақжелкекке деген сұраныс артты. Себебі оның коронавирус жұқтырған адамдарды емдейтін қасиеті бар деген хабарлама тараған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Өскеменде ақжелкек өсіріп отырған саяжай тұрғындары учаскелерін кезектесе қорғап отыр.

"Көп сұрайды. Ақшасын төлейміз, анау-мынау дейді. Енді көршілермен қарауылдап отырмыз, себебі өзімізге де керек. Базарда ол қымбат, сондықтан саяжайлардан ұрлайтын шығар", - деді саяжай иесі Герман Дремов.

Базарда ақжелкектің 100 грамы мың теңгеден және одан да қымбат сатылады. Бірақ қазір тамырды табу қиын.

Ақжелкек - бактерияға қарсы табиғи өнім. Біздің ата-бабаларымыз оны кәдімгі суық тиюден емделу үшін балмен бірге пайдаланған. Онда лимон мен апельсинге қарағанда, аскорбин қышқылы, дәрумендер көп. Бірақ дәрігерлер ақжелкекті шектен тыс пайдалануға болмайтынын айтады. Себебі ішкі органдарды күйдіріп жіберуі мүмкін екен. Коронавирус жұқтырғандарға да аса пайдасын тигізе қоймайды.

Инфекционист дәрігер, № 1 қалалық ауруханада инфекция бөлімінің меңгерушісі Нина Фомичева коронавирус жұқтырғандарды емдейтін 11 хаттаманы жатқа біледі. Маман олардың ешбірінде зімбір де, ақжелкек те жоғын айтады.

"Ақжелкек - бақша өсімдігі және ас мәзірінде пайдалануға болады, бірақ ол емдеуге жарамайды. Егер біз халық медицинасымен немесе тек ақжелкекпен емдесек, онда емдеудің нәтижесі аянышты болар еді", - деді  Фомичева.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro