Коронавирус: Қазақстанда шығарылған тест пайдаланылмақ

Коронавирус: Қазақстанда шығарылған тест пайдаланылмақ Фото:elements.envato.com

Ұлттық сараптама орталығы елімізде коронавирусты анықтау үшін шығарылған тест-зерттеуді пайдаланады. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Наурыздан бері ҚХР өндірісінен 696 мың тест-жүйе 3 миллиард теңгеге сатып алынды. Елімізде барлығы 1,7 миллион зерттеу жасалды. Оның ішінде 971 мыңы - Ұлттық сараптама орталығында. Қалған зерттеулер жеке зертханада немесе медициналық мекемелердегі зертханада жасалды", - деді Сұлтанғазиев ОКҚ онлайн-брифингте.

Айта кетейік, бір адамға бірнеше тест жасалуы мүмкін. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, қазір тест-жүйелерді, оның ішінде Қазақстанда жасалған тест-зерттеулерді сатып алу рәсімдері жүріп жатыр.

"Ұлттық сараптама орталығының барлық филиалында отандық тест-жүйелерді пайдалану жоспарланып отыр. Үкімет резерві аясында 1,2 миллион зерттеу (тест - авт.) сатып алу көзделген...", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Тимур Сұлтанғазиев елімізде 51 медицина қызметкері  қайтыс болғанын айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама