16 шілде 2020 12:26

Қазақстанда 51 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: atn.ua Фото: atn.ua

Елімізде 51 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біздің мәліметімізге сәйкес, 51 медицина қызметкері қайтыс болды. Олардың жақындары мен туысқандарына көңіл айтамыз. 13 шілдеде Мемлекет басшысы қайтыс болғандардың барлығын мемлекет наградалармен марапаттады. 42 медицина қызметкері награда алды", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы коронавирус індеті өршіп тұрған өңірлерді атап, 5 айда Қытайдан 3 миллиард теңгеге тест сатып алғанын айтқан еді.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65 188-ге жетті. 39 066 науқас дертінен айықты, 375 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети