Коронавирус: вице-министр бірінші кезекте кімдерге екпе салынатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус: вице-министр бірінші кезекте кімдерге екпе салынатынын айтты Фото:elements.envato

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирустан ең алдымен кімдерге екпе егілетіні туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирустан ең алдымен кімдерге екпе егілетіні туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір ДСМ және Сыртқы істер министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен COVID-19-ға қарсы вакцина алу бойынша келісім жасау мәселесін талқылап жатыр. Тек бірнеше өндіруші клиникалық сынақтың үшінші фазасына көшті", - деді Бюрабекова ОКҚ-дағы онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, қант диабеті, қан қысымы жоғары, жүректің игемиялық ауруы сияқты диагнозы бар адамдарға коронавирус аса қауіпті.

"Біз вакцина жасау керек тұрғындарды санадық. Қазір ол 15 пайыздай, бірақ келісімде 20 пайызға дейін көтеруді жоспарлап отырмыз. Олар қауіпті топтағы адамдар, оның ішінде созылмалы аурулары бар адамдар да бар. Біздің статистикамыз бен анализдерімізге сүйенсек, қант диабеті, қан қысымы жоғары, жүректің игемиялық ауруы сияқты диагнозы бар адамдарға коронавирустың қаупі жоғары және пенвмония асқынып кетуі мүмкін.  Ең алдымен науқастардың осы тобына басымдық береміз", - деді вице-министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети