1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Коронавирусқа қарсы танымал дәрі қауіпті болып шықты18 қыркүйек 2020, 09:25

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

COVID-19 жұқтырған адамның ауруы асқынғанда күресу үшін қолданылатын азитромицин антибиотигін бірқатар басқа препаратпен қолданған кезде жүрек талмасы болуы мүмкін. Чикагодағы Иллинойс университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Мамандар 44 миллионнан астам пациент туралы ақпаратты зерттеп, амоксициллин мен азитромицин қабылдаған топтардың нәтижесін салыстырған. 

Азитромицин мен жүректің электрлік импульстарына әсер ететін препараттарды бірге  қабылдаудан - жүрек қызметінің әлсіздігі 40 пайызға артатынын, яғни, талып қалу, жүрек соғысының жиілеуі, тіпті жүрек талмасы болатыны белгілі болды.

Мұндай дәрі-дәрмектерге қан қысымына қарсы препараттар, антидепрессанттар, безгекке қарсы препараттар және опиоидтар жатады.

Бұған дейін америкалық кардиологтар дәрігерлерді жүрек аритмиясына әкелетін дәрі-дәрмектерді мұқият тағайындауға шақырған болатын.

Бұл тізімге COVID-19-ға қарсы препараттар да енген. Олардың қатарында - хлорохин, гидроксихлорохин және азитромицин бар. Дәрігерлердің пікірінше, осының барлығы жүрек ырғағының бұзылуына әкелуі мүмкін, делінген материалда.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!