Коронавируспен күресу үшін 6 миллионға жуық медбике жетіспейді - ДСҰ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавируспен күресу үшін 6 миллионға жуық медбике жетіспейді - ДСҰ Фото: Тұрар Қазанғапов

Коронавируспен күресу үшін дүние жүзі бойынша қосымша 5,9 миллион медбике жұмылуы керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баяндамада әлем бойынша COVID-19 пандемиясымен күресетін дәрігерлердің тапшы екені айтылады.

"Бүкіл әлем бойынша 28 миллионнан аса медбике бар. 2013-2016 жылдар аралығында олардың саны бес миллионға өскен болатын. Алайда қазіргі COVID-19 пандемиясын ескерсек, тағы 5,9 миллион медбике қажет", - делінген баяндамада. 

Ұйымның мәліметінше, Африка, Оңтүстік-шығыс Азия мен Латын Америкасы елдерінде кадр тапшылығы ерекше байқалады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 479.29   550.69   5.85 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети