Коронавирустың алдын алуда дәрумен ішудің әсері қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирустың алдын алуда дәрумен ішудің әсері қандай?

Дәрігер Евгений Комаровский коронавирустың алдын алудағы дәрумендердің әсері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер Евгений Комаровский коронавирустың алдын алудағы дәрумендердің әсері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Танымал дәрігерге COVID-19-дың алдын алуға дәрумендердің қалай әсер ететіні туралы сұрақ қойылды:

"Сәлеметсіз бе, дәрігер. Мен сырқаттанып қалған кезде дәрігер маған организмді қолдау үшін дәрумендер ішу керегін айтады. ЖРВИ маусымының алдында да арнайы курс қабылдаймын. Витаминдердің коронавирустың алдын алуда әсері бола ма? Қазір оларды ішудің мәні бар ма?".

Комаровский дәрумен кешенін коронавирустың алдын алу үшін қабылдаудың пайдасы жоғын айтты

"Инфекциялық аурулардың алдын алуға дәрумендерді ішпейді, оның пайдасы жоқ. Оларды сізге дәрумен жетіспегенде, ас ішіп, жұта алмағанда не дұрыс тамақтанбаған кезде ішу керек. Одан бөлек, үй карантинінде отыруға дұрыс дайындалмасаңыз: сыра, чипсы, жаңғақтарды көптеп  сатып алсаңыз организміңізге көптеген дәрумен жетіспейді. Бұл кезде дәрумен қабылдау керісінше пайдалы", - деп жауап берді Евгений Комаровский. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети