12 сәуір 2022 | 13:34

"Көз ауруы тұқым қуалайды". Миф пе, шындық па?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay Көрнекі сурет: pixabay

Көз - адам жанының айнасы. Ол әлемді тануға, көруге, сезінуге мүмкіндік береді. Адамзат баласының қабылдайтын ақпаратының көп бөлігі көз арқылы қабылданады. Алайда көпшілігі көз күтіміне мән бермейді. Осы бағытта бірінші санаттағы көз дәрігері Жұлдыз Байғожаева бірнеше сұраққа жауап берді. 


Иконка комментария блок соц сети

Көз - адам жанының айнасы. Ол әлемді тануға, көруге, сезінуге мүмкіндік береді. Адамзат баласының қабылдайтын ақпаратының көп бөлігі көз арқылы қабылданады. Алайда көпшілігі көз күтіміне мән бермейді. Осы бағытта бірінші санаттағы көз дәрігері Жұлдыз Байғожаева бірнеше сұраққа жауап берді. 

Теледидар, ноутбук, компьютер, ұялы телефонды жақыннан қарау көздің көру қабілетін төмендетеді. Әсіресе, бұл құралдар балалардың көру қабілетін төмендетеді. Миф пе, шындық па?

Көз - адам бойындағы өте нәзік мүше. Кейде жанымыздың айнасы көзімізді кутуді ұмытып кетеміз. Техниканың (смартфон, ноутбук, компьтер, гаджет) дамыған заманда бұл мәселе толғандырарлық жайт. Сондықтан мейлінше мұқият болу керек. 

Көру қабілеті нашар адам ұсақ жазуларды оқымауы керек. Сондықтан ұсақ әріппен жазылған нәрселерден алыс болуы қажет. Миф пе, шындық па?

Барлық адамда қырық жастан кейін пресбиопия (жасқа байланысты) дамиды. Осылайша, газет, журнал оқу, жұмыс істеу қиындай бастайды. Бұл жағдайда офтальмолог маманға жүгініп, көзілдірікке рецепт алған жөн.

Қараңғыда жұмыс істеу көзге зиян. Миф пе, шындық па?

Әрине, қараңғыда жұмыс істеу көзге зиян. Бұл көзге көп салмақ түсуіне, оптикалық жуйенің өзгеріп кетуіне ықпал етеді. Жарық жерде жұмыс істеу арқылы көз бұлшық еттерінің шаршамауының алдын алып, жанарымызды қорғаймыз.

Көзді қысып кішірейтіп, алыстағы нәрсені анық қарауға тырысу зиян. Миф пе, шындық па?

Көзді қысып қарау көбіне көру жүйесі нашар адамдарда болады. Яғни көз көргісі келетін нысанға жеткілікті фокус түсіре алмайды, анықтай алмайды. Балалардан бұл жағдайды байқаған ата-ана тез арада окулист дәрігердің көмегіне жүгінгені жөн.

Арнайы жаттығулар көру қабілетін жақсартпайды. Миф пе, шындық па?

Арнайы жаттығулар көз бұлшық еттеріне жақсы көмектеседі. Күнделікті компьютер алдында бірнеше сағат отырған соң жаттығуды күнделікті, үйреншікті әдетке айналдырған жөн. Екі-үш рет он-он бес минут уақытыңызды бөліп, көзге әртурлі жаттығулар жасау керек. Соның ішінде көзбен түрлі шеңбер, сандар салуға болады.

Дұрыс таңдалмаған көзілдірік көзге зиян. Миф пе, шындық па?

Кез келген дұрыс таңдалмаған көзілдірік көзге зиян. Көзілдірік дүкендерінің сөрелерінен сатып алғаннан гөрі дәрігердің арнайы дайындап берген рецептісімен барған жөн. Ол әр адамның көзінің арақашықтығына, яғни көздің диоптрийіне қарай анықталады.

Линзалар көздің көру қабілетін төмендетеді. Өйткені көздің беткі қабаты алынып қалады. Миф пе, шындық па?

Адам линзаны жеке бас гигиенасын жақсы сақтай алмаса, тақпағаны жөн. Әдетте арнаулы күндері ғана тағуға кеңес беремін.

Үнемі көзілдірік тағу үйреншікті болып кетеді. Осылайша, көру қабілеті одан да нашарлап кетеді. Миф пе, шындық па?

Үнемі көзілдірік тағу зиян емес. Бірақ бұл науқасқа дұрыс таңдалған көзілдірік болса ғана әсер етеді. Қаншалықты көзілдірік тағып жүрсе, соншалықты көздің тор қабатына жүктеме туспейді. Қарсы көрсеткіштері болмаса, қазір медицинаның дамыған заманында коррекция арқылы ота жасатуға да болады. Бірақ бұған адамның отаға қарсы көрсеткіштері болмаса ғана рұқсат етіледі.

Көру қабілеті жақсы болса көз дәрігеріне қаралмауға болады. Миф пе, шындық па?

Көру қабілетіңіз жақсы болса, ешқандай шағым болмаса, офтальмолог дәрігерге қаралу міндетті емес. Бірақ жасыңыз 40-тан асқан болса, міндетті түрде жылына бір-екі рет қаралып, көз жанарын тексертіп, көз ішіндегі қысымды өлшетіп тұрған дұрыс.

40-50 жасқа дейін дәрігерге қаралмауға болады. Миф пе, шындық па?

Жоқ, міндетті түрде қырық жастан асқан адамдар дәрігерге қаралып тұруы керек.

Көз ауруы тұқым қуалайды. Миф пе, шындық па?

Көз аурулары көп жағдайда тұқым қуалайды. Баланың анасында, әкесінде қандай да бір көз ауруы болса немесе ХУ хромосома 47 басым болса, бұл әдетте қыз баласына берілуі мүмкін.

Бала кішкентай кезінен қырынан қараса, әдет болып қалып қояды. Миф пе, шындық па?

Қырынан қарау туа пайда болады немесе жүре келе өздігінен пайда болуы да мүмкін. Ата-ана баладан осы жағдайды байқаса, тез арада дәрігер көмегіне жүгінген жөн. Бірақ тек көз дәрігері емес, невролог маманға да қаратқан дұрыс.

Сәбізді, жидекті көп жеу көру қабілетін жақсартады. Миф пе, шындық па?

Көз жанарымызды сақтау үшін құнарлы тамақтану қажет. Соның ішінде рационға көкөністер, жеміс-жидектер, дәрумендер, соның ішінде В дәрумені, Д 3, омеганы көбірек қосу керек. Ересектер зиян әдеттерден, ішімдік пен темекіден аулақ болғаны дұрыс.

Заманауи мониторлар көзге зиян емес. Миф пе, шындық па?

Заманауи құрылғылар болса да көзге зияны болары анық. Сондықтан арнайы оптикаларда көзді монитордан қорғайтын көзілдіріктер болады. Сонымен қатар, компьютерде отырған кезде көзді шаршата бермей, демалтып, арнайы жаттығулар жасап тұрған жөн.

Сапасыз көз бояулары көру қабілетін төмендетеді. Миф пе, шындық па?

Әрине, сапасыз дүниенің зияны болары сөзсіз. Сондықтан арнайы сертификат алған, стандарттан өткен, экологиялық сапалы дүниелерді пайдаланған дұрыс. 

Көзге арналған дәрі, тамшылар зиян. Миф пе, шындық па?

Көзге арналған тамшылар зиян емес. Бірақ бұл дәрігер кеңесімен, ұсынысымен қолданылуы қажет. Сондықтан адам өздігінен кез келген тамшыны көзіне тамызбауы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети