Көз торына бағана жасушасы арқылы жасалған әлемдегі алғашқы операция тиімді болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көз торына бағана жасушасы арқылы жасалған әлемдегі алғашқы операция тиімді болып шықты © REUTERS

Емделушінің жасанды көпфункциялы iPS бағаналық жасушада өсірілген көз торын ауыстыру операциясы сәтті өтті, - деп хабарлайды РИА Новости RIKEN ғылыми институтына сілтеме жасап. Айта кетейік, бұл операция әлемде алғаш рет жасалып отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Емделушінің жасанды көпфункциялы iPS бағаналық жасушада өсірілген көз торын ауыстыру операциясы сәтті өтті, - деп хабарлайды РИА Новости RIKEN ғылыми институтына сілтеме жасап. Айта кетейік, бұл операция әлемде алғаш рет жасалып отыр.

"Қауіпсіздік жағына келетін болсақ, былтыр бұл жақсы нәтиже көрсетті. Биыл денсаулыққа зиян келетінде жағдай болған жоқ", - деді Жапониядағы аурухананың өкілі Ясуо Куримото. Жобаның жетекшісі, профессор такахаси осындай нәтижені күткенін айтты. "Біз осы әдістің көп емделушіге қолданылуын қалаймыз", - деді ол.

Емделушінің өзі әдістің пайдасы тигенін, мұндай тәуекелге барғанына қуанатынын айтты. Айта кетейік жасанды көпфункциялы iPS бағаналық жасушада өсірілген көз торын ауыстыру операциясы былтыр қыркүйек айында жасалды. 70 жастағы емделушінің терісінен жасуша алып, одан iPS жасушасы өсірілді. Бұдан кейін ол жасушадан  көз торының көз торының пигментті эпителиясы өсірілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети