Көзге шөп салудың негізгі себептері айтылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көзге шөп салудың негізгі себептері айтылды Иллюстрация: Wikimedia Commons

Психотерапевт, психиатр және сексолог Артем Толоконин көзге шөп салудың негізгі себептерін айтты, - деп хабарлайды moslenta.ru басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Психотерапевт, психиатр және сексолог Артем Толоконин көзге шөп салудың негізгі себептерін айтты, - деп хабарлайды moslenta.ru басылымы.

Маманның айтуынша, отбасында бірінші баланың дүниеге келуі көзге шөп салудың негізгі себебіне айналады. 

"Бірінші бала өмірге келгеннен кейін тыныш отбасылық өмір қарбаласқа ауысады. Бала жылап ұйқының қанбауы, әйелдің үнемі шаршап тұруы, тыныш тамақтанбау ер адамдарға кері әсер етеді. Осындай қарбалас өмірден шаршаған ер адамдар көзге шөп сала бастайды", - дейді маман.

Сондай-ақ, көзге шөп салу қаупі серіктестердің бірі орта жастағы дағдарысты бастаған кезде де көбейе бастайды. Бұл әдетте 40 жылдан кейін пайда болатын өмірлік құндылықтарды қайта бағалау жағдайы.

Маманның пікірінше, бала кезінде ата-анасының некесіндегі опасыздықты көрген бала, есейген кезде сол мінез-құлықты көшіруі мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети