Күніне бір темекі шегетін адамға қандай қауіп бары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күніне бір темекі шегетін адамға қандай қауіп бары анықталды © wallpapermania.eu

Лондон университетінің ғалымдары күніне тіпті бір ғана темекі шеккен күннің өзінде адамның жүрек-қан тамырлары ауруын жеделдетіп, инсульт алу қаупін 50 пайызға арттыратынын анықтады. Бұл туралы The BMJ журналында жарияланған мақалада айтылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лондон университетінің ғалымдары күніне тіпті бір ғана темекі шеккен күннің өзінде адамның жүрек-қан тамырлары ауруын жеделдетіп, инсульт алу қаупін 50 пайызға арттыратынын анықтады. Бұл туралы The BMJ журналында жарияланған мақалада айтылады.

Зерттеушілер темекінің адам денсаулығына тигізетін зияны жайлы жазылған 140-тан аса ғылыми жұмысқа сараптама жүргізген. Күнделікті 20 темекі шегіп, оны бір темекіге қысқартқан адамдардың тек 50 пайызының адам өміріне қауіпті аурулардың пайда болуын азайтқаны белгілі болды. Сондай-ақ, зерттеу барысында темекі шегетіндердің 48 пайызының жүректің ишемиялық ауруына жиі шалдығатыны анықталды.

Мұнымен қоса, мамандар әйелдерге де темекі шеккен жағдайда осы ауруларға жиі шалдығуы мүмкін екенін ескертеді. Күніне 20 темекі шегетін 100 әйелдің еркектерге қарағанда инсульт алып жататыны айтылады.

Lenta.ru мәліметінше, америкалық ғалымдар 2017 жылы жариялаған зерттеу қорытындысында кейбір кездерде ғана темекі шегетін адамдардың да күнінен 20 темекі шегетіндер сияқты жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығатынын дәлелдеген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети