Америкалық ғалымдар күйзелістен құтылудың оңай жолын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости сайты EurekAlert порталына сілтеме жасап.
Америкалық ғалымдар күйзелістен құтылудың оңай жолын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости сайты EurekAlert порталына сілтеме жасап.
Мамандардың сөзінше, жеміс, көкөніс пен бүтін дәндерден жасалған өнімдерді жеу психологиялық дерттерге шипа. Ғалымдардың егде адамдарға алты жыл жүргізген тәжірибенің қорытындысы осындай тұжырымға негіз болып отыр.
Тәжірибеге қатысушылар тамақтану әдетіне қарай DASH (гипертонияны тоқтатудың тамақтану арқылы жолы) диетасын ұстанғандар, жерорта теңізі және батыстың дәстүрлі тамақтану үлгісінде үш топқа бөлінді.
Осылайша DASH диетасын (жеміс, көкөніс және майсыз тағамдар) ұстанған адамдардың тобында депрессияның пайда болу көрсеткіщі өте төмен болған. Ал батыстың тамақтану әдетін ұстанған топта депрессияның пайда болу көрсеткіші өте үлкен болған. Бұл топ негізінен етті тағамдарды көп жеген.
Ғалымдардың сөзінше, бұл зерттеу DASH психикалық дерттердің қатерін төмендететінін дәлелдемейтінін, олардың арасында байланыс барын көрсетеді екен.
Мұның алдында ғалымдар аптасына бір сағат жаттығу жасау да күйзелістің даму қаупін төмендететінін айтқан болатын.