22 қаңтар 2019 | 09:26

Қытай билігі ген модификацияланған балалардың дүниеге келгенін растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хэ Цзянькуй. Фото ©REUTERS Хэ Цзянькуй. Фото ©REUTERS

Қытай билігі Лулу мен Нана есімді егіз баланың бар екенін растады, олардың CCR5 гені жоқ, бұл ВИЧ-тің алдын алады-мыс. Бұл туралы South China Morning Post басылымында мақала шықты.


Иконка комментария блок соц сети

Қытай билігі Лулу мен Нана есімді егіз баланың бар екенін растады, олардың CCR5 гені жоқ, бұл ВИЧ-тің алдын алады-мыс. Бұл туралы South China Morning Post басылымында мақала шықты.

Тергеу мәліметінше, Хэ Цзянькуй 2016 жылдың маусымында өз қаражатына шетелдіктерден тұратын бір топ адам жинап, әлі күнге белгісіз техниканы, қауіпсіздік деңгейін және тиімділігін қолданып, қандай да бір бақылаудан қасақана жалтарып, елде ресми түрде тыйым салынған ДНҚ модификациясы бойынша эксперимент жүргізген.

Экспериментке қатысатындарды жинау үшін ол этикалық сараптаманың қорытындысын қолдан жасап, 2017 жылдың наурызынан 2018 жылдың қарашасына дейін сегіз ерікті жұпты тартқан, олардың ішінде ВИЧ жұқтырғандар ерлер мен сау әйелдер болған. Қорытындысында екі әйел жүкті болып, біріншісінен бүгінде Лулу мен Нана есімді егіз бала дүниеге келген, ал екіншісінің аты-жөні әзірше белгісіз.

Ғалым мен оның көмекшілеріне қатысты заңнамаға сай қатаң шаралар жүретіні, күдіктілердің ісі қоғамдық қауіпсіздік органдарына берілетіні айтылады. 

Гуандун провинциясының билігі егіз бала мен жүкті әйелге медициналық бақылау орнатпақшы. 

Еске салайық, 2018 жылдың қарашасында Хэ Цзянькуй әлемді ағзасы ВИЧ-ке төтеп бере алатындай ДНҚ модификацияланған балалардың туғанын хабарлап, әлемді дүр сілкіндірген еді. Осыдан кейін ол ғалым әріптестерінен де, билік тарапынан да сын естіді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети