Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы госпиталь хирургтерінің төрт аяқ, төрт қолмен туған, 13 күндік нәрестеге жасаған оталары сәтті аяқталды, - деп хабарлайды Global Times порталы.
Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы госпиталь хирургтерінің төрт аяқ, төрт қолмен туған, 13 күндік нәрестеге жасаған оталары сәтті аяқталды, - деп хабарлайды Global Times порталы.
Медиктер ұл баланың артық аяқ-қолдарын алып тастады. Жергілікті БАҚ өкілдері "өрмекші-адам" деп айдар таққан нәресте қазіргі уақытта ауруханада жатыр, оның жағдайы жақсы.
Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің артық аяқ-қолдары жетілмей қалған егізінен қалған. "Әйел сиам егізін (толық бөлінбеген, бір жұмыртқалы егіз) босануы керек болатын, бірақ оның біреуі толық жетілмеген, жатырдың ішінде деформацияланған", - деп түсіндірген Гуанчжоудағы әйелдер және балалар денсаулығы медициналық орталығының бас хирургі Ю Цзя Канг.
Нәресте туғанда салмағы үш келіден аз ғана асқан. Алынып тасталған артық аяқ-қолдарының салмағы 600 грамдай болған.
Сәбидің әкесі бәріне өзін кінәлауда. Ол әйелі жүкті болған кезде жұбайы мен болашақ ұлына күтім көрсетпегендігін мойындап отыр: "Мен тек өзімнің жұмысым жайлы, қалай көп ақша табуды ойладым. Әйелімді баяғыда білікті маманға көрсетуім керек еді".