15 қаңтар 2020 | 10:56

Қытайда өршіп тұрған қауіпті індет адамдар арқылы жұғуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласының денсаулық сақтау комитетінің өкілдері коронавирустың жаңа түрі адамнан адамға жұғу мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласының денсаулық сақтау комитетінің өкілдері коронавирустың жаңа түрі адамнан адамға жұғу мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Қазіргі таңда тексеру нәтижесінде вирус адамнан адамға берілуі мүмкін деген айқын дәлелдер анықталмады. Алайда бұл адамнан адамға жұқпайды деген сөз емес, бірақ қаупі салыстырмалы түрде төмен", - делінген Комитет сайтында.

Жаңа коронавирусты жұқтырған 41 адамның арасында бір отбасы бар. Вирус ерлі-зайыптылардан табылған, алдымен теңіз өнімдерінің көтерме нарығында жұмыс істеген күйеуінен табылды, онда сол аурудың ошағы болған, содан кейін - әйелінен анықталған. Жұбайы жолдасының істейтін жұмыс орнына бармағанын айтады.

Қытайда шығу тегі белгісіз індет тарап жатыр: қазақстандықтарға ескерту жасалды

Қаңтардың басынан Қытайда белгісіз індеттен мыңдаған адамның зардап шеккені хабарланып жатыр. Ресми деректерге сенсек, 2002 жылдары да Қытайда осындай індет таралып, 400-ге жуық адам қайтыс болып, 5 мыңнан аса адам зардап шеккен екен. Көрші елдегі жағдайдың ушығуына байланысты қазақстандық дәрігерлер де дабыл қақты

Бұл індет Қытайдың Ухань қаласында желтоқсан айының соңынан бастап тараған еді. РИА Новости мәліметінше, қалалық денсаулық сақтау органдары бұл дерттің құс тұмауына қатысы жоқ екенін, сондықтан қазіргі уақытта індеттің таралу себебі анықталып жатқанын мәлімдеген еді. Өткен аптадағы жағдай бойынша, 59 адам белгісіз вирус жұқтырып, ауруханаға жеткізілген. Олардың жетеуі ауыр жағдайда жатыр.

Қытайда өршіп тұрған қауіпті індеттен бір адам қаза тапты

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети