Белгілі педиатр Евгений Комаровский қауіпті коронавирустың таралуына байланысты Қытайдан сәлемдеме алу қауіпті ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Белгілі педиатр Евгений Комаровский қауіпті коронавирустың таралуына байланысты Қытайдан сәлемдеме алу қауіпті ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Комаровский Instagram желісіндегі парақшасында жиі қойылатын сұрақтардың біріне жауап берді:
"Қытайдан сәлемдеме алу қауіпті ме?". "Біріншіден, вирустың сүтқоректілер денесінен тыс екі тәуліктен артық өмір сүру ықтималдығы аз. Екіншіден, вирустың жұқтырғыш дозасын заттар арқылы алу мүмкіндігі де өте аз, тіпті теориялық тұрғыдан да (жұқтырғыш доза - ауру тудыруы мүмкін микроорганизмдердің саны) солай", - деп жазған Комаровский.
Осыдан дәрігер мынадай қорытынды айтты: "Қытайдан сәлемдемелер алуға болады!"
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салсақ, Қытайда коронавирустың жаңа түріне шалдыққандар саны 1287 адамға дейін өсті, оның 41-і қаза тапты. Ал Шанхайда 2019-nCoV жаңа коронавирусынан туған өзгеше пневмония табылған алғашқы науқас емделді.