Қызанақ кімдерге қауіпті екені айтылды

Қызанақ кімдерге қауіпті екені айтылды Көрнекі сурет: pixabay.com

Ресейлік диетолог дәрігер Елена Соломатина күніне үш қызанақтан жеудің қаупі туралы айтып берді, - деп хабарлайды "Радио Sputnik".


Ресейлік диетолог дәрігер Елена Соломатина күніне үш қызанақтан жеудің қаупі туралы айтып берді, - деп хабарлайды "Радио Sputnik".

Дәрігер қызанақтың құрамында көптеген дәрумен, оның ішінде, магний, кальций, йод, калий, фтор және С дәрумені барын айтады. Алайда кейбір ауру түрімен ауыратын адамдарға қызанақты аз жеген дұрыс. 

"Қызанақ расында пайдалы, бірақ ол алқа тұқымдас болғандықтан құрамында соланин (өсімдік тектес у-еск.) бар. Сондықтан тек піскен қызанақты жеген дұрыс. Асқазан-ішек жолдарының аурулары бар адамдарға қызанақ жемеген дұрыс. Себебі қызанақтағы қышқылдар шырышты қабыққа кері әсер етуі мүмкін. Асқазан жарасы, гастрит, панкреатит кезінде - ас қорыту бұзылыстарымен байланысты барлық нәрседе адамға жайсыздық тудыруы мүмкін. Уролитияға бейім адамдарға қызанақ жемеген дұрыс, себебі оның құрамында қышқыл қымыздық бар", - дейді дәрігер. 

Диетолог күніне қанша қызанақ жеуге болатынын айтты. 

"Әр адамда әртүрлі. Орташа норма - күніне үш қызанақ, бірақ бәрі адамның жағдайына байланысты. Сау адам бір дегенде үш қызанақ жесе де ештеңе болмауы мүмкін. Ал асқазан-ішек жолдарының ауруы болса, тек біреу жеген дұрыс", - дейді Елена Соломатина. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.23  course up  574.22  course up  6.3  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети