©Нұрғиса Елеубеков
Қызылорда облысында жоғары білімді дәрігерлер тапшылығы жылдан-жылға төмендеді. Соңғы үш жылдың көлемінде ауылдық жерлерде медицина мамандарының тапшылығы 10,4 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай оң нәтижеге республикалық "Дипломмен-ауылға" бағдарламасы көп көмегін тигізді. Соның шеңберінде әлеуметтік салаға қажетті мамандарды ауылдық жерлерге шақыру жүзеге асырылып келеді. Осының арқасында 2011-2013 жылдар аралығында аудандық және ауылдық емдеу алдын алу ұйымдарында 123 маман қызметке орналасты. Бүгінгі таңда облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медицина мекемелерінде жоғары білімді дәрігерлер лауазымына тапшылық 90 орынды құрайды. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 1,4 есеге төмендеген. Салаға қажетті мамандардың 40 пайызы ауылдық жердегі емдеу орындарына қажет етіледі. Яғни, жергілікті өңірлерге 36 маман қажет. Ал облыстық және қалалық емдеу орындары 54 маманға сұраныс беріп отыр. Қазір облыс аумағындағы медицина мекемелерінде барлығы 9674 маман қызмет етеді. Оның 2036-ы дәрігерлер болса, 7638-і орта буынды медицина қызметкерлеріне санатына жататындар. Тұрғындардың медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда 27,7-ні құрайды. Ал орта буынды медицина мамандары 4,2 пайызға артығымен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткіштер республикалық деңгейден біршама жоғары.
Қызылорда облысында жоғары білімді дәрігерлер тапшылығы жылдан-жылға төмендеді. Соңғы үш жылдың көлемінде ауылдық жерлерде медицина мамандарының тапшылығы 10,4 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұндай оң нәтижеге республикалық "Дипломмен-ауылға" бағдарламасы көп көмегін тигізді. Соның шеңберінде әлеуметтік салаға қажетті мамандарды ауылдық жерлерге шақыру жүзеге асырылып келеді. Осының арқасында 2011-2013 жылдар аралығында аудандық және ауылдық емдеу алдын алу ұйымдарында 123 маман қызметке орналасты.
Бүгінгі таңда облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медицина мекемелерінде жоғары білімді дәрігерлер лауазымына тапшылық 90 орынды құрайды. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 1,4 есеге төмендеген. Салаға қажетті мамандардың 40 пайызы ауылдық жердегі емдеу орындарына қажет етіледі. Яғни, жергілікті өңірлерге 36 маман қажет. Ал облыстық және қалалық емдеу орындары 54 маманға сұраныс беріп отыр.
Қазір облыс аумағындағы медицина мекемелерінде барлығы 9674 маман қызмет етеді. Оның 2036-ы дәрігерлер болса, 7638-і орта буынды медицина қызметкерлеріне санатына жататындар. Тұрғындардың медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда 27,7-ні құрайды. Ал орта буынды медицина мамандары 4,2 пайызға артығымен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткіштер республикалық деңгейден біршама жоғары.