©Нұрғиса Елеубеков
Қызылорда облысында жергілікті тұрғындардың медицина саласына, оның ішінде дәрігерлер қызметіне қатысты арыз-шағымдары азаймай тұр. Бұл жылма-жыл қайталанып жүрген жағдайға айналып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өткен жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жеке және заңды тұлғалардан 650 арыз-шағым келіп түскен. 2012 жылғы келіп түскен арыз-шағым да сол шамалас. Халыққа көрсетілген медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын анықтайтын көрсеткіш таразыланып отырады. Олардың басым көпшілігі медициналық қызметке лицензия беру тұрғысында болса, екінші кезекте халықты медциналық көмек сапасы қанағаттандырмайды. Сондай-ақ, дәрігерлер тарапынан этика және деонтология принциптерін сақтамау, науқастарға немқұрайлы немесе бей-жай қарау салдарынан туындап отыр. Аталмыш арыз-шағымдар негізінде былтыр 41 медицина қызметкеріне тәртіптік шаралар қолданылған. Бұл жағдай денсаулық сақтау саласы басшыларын толғандырып отыр. Осы мақсатта облыстық басқармада "Сенім телефоны" жұмыс істейді. Әрбір арыз-шағым басқарма тарапынан басты назарда ұсталып келеді.
Қызылорда облысында жергілікті тұрғындардың медицина саласына, оның ішінде дәрігерлер қызметіне қатысты арыз-шағымдары азаймай тұр. Бұл жылма-жыл қайталанып жүрген жағдайға айналып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өткен жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жеке және заңды тұлғалардан 650 арыз-шағым келіп түскен. 2012 жылғы келіп түскен арыз-шағым да сол шамалас. Халыққа көрсетілген медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын анықтайтын көрсеткіш таразыланып отырады. Олардың басым көпшілігі медициналық қызметке лицензия беру тұрғысында болса, екінші кезекте халықты медциналық көмек сапасы қанағаттандырмайды. Сондай-ақ, дәрігерлер тарапынан этика және деонтология принциптерін сақтамау, науқастарға немқұрайлы немесе бей-жай қарау салдарынан туындап отыр. Аталмыш арыз-шағымдар негізінде былтыр 41 медицина қызметкеріне тәртіптік шаралар қолданылған.
Бұл жағдай денсаулық сақтау саласы басшыларын толғандырып отыр. Осы мақсатта облыстық басқармада "Сенім телефоны" жұмыс істейді. Әрбір арыз-шағым басқарма тарапынан басты назарда ұсталып келеді.