Маман бүйрекке пайдалы өнімдерді атады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маман бүйрекке пайдалы өнімдерді атады Фото: pixabay

Дәрігер-диетолог, ұлттық диетологтар қауымдастығының мүшесі, медицина ғылымдарының кандидаты Дарья Русакова бүйректің қалыпты жұмыс істеуіне ықпал ететін өнімдерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі URA.ru сайтына сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, бүйрекке ең пайдалысы - өсімдік.

"Бүйрекке жемістер, көкөністер, ақжелкен, аскөк, балдыркөк сияқты шөптер, сондай-ақ, құлпынай, таңқурай секілді жемістер және көп сұйықтыққа бай көкөністер қияр, кәді, асқабақ пайдалы", - деді Дарья Русакова.

Диетолог бүйрекке ақуызды тағамның көп мөлшері зиян екенін ескертті.

"Бүйрек ағзаны тазарту қызметін атқарады, артық сұйықтықты, зат алмасу өнімдерін шығарады. Сондықтан майлы ет пен балықты көп жеуге болмайды. Олар ағзаның жұмысына зиян келтіруі мүмкін", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети