Мамандар қатерлі ісікті емдейтін қоспа жасады

12 Ақпан 2018, 12:53
0
Иллюстрациялық сурет © Bloknot.ru
Иллюстрациялық сурет © Bloknot.ru

Джорджтаундағы Онкологиялық орталық ғалымдары жаңа қан тамырларының пайда болуына қарсы дәрілер және иммун жүйесін күшейтуге бағытталған дәрмектердің үйлесімді қосындысы қатерлі ісіктің агрессив түрінен жанама әсерсіз емдеуге мүмкіндік беретінін анықтады, - деп хабарлайды MedicalXpress

Акситиниб препараты ангиогенезді - ішкі мүшеде немесе тінде жаңа қан тамырларының пайда болуын тоқтататыны белгілі, ал мұндай процесс қатерлі ісікте қарқынды жүреді. 

Ал иммуномодуляциялық агент - пембролизумаб - иммунды жүенің бақылау нүктелерінің ингибиторы болып келеді. Бақылау нүктелері дегеніміз қатерлі ісіктің лимфоциттерді алдап, олардың шабуылынан құтылу үшін пайдаланатын арнайы ақуыздар. Пембролизумаб қатерлі ісіктің бірнеше түрін (маланоманың, өкпенің, қуықтың, бас пен мойын қатерлі ісігін) емдеу мақсатында FDA ұйымымен мақұлданған.

Мұның алдында ангиогенезді тоқтататын және иммунды жүйені күшейтетін дәрілерді араластыру сәтісз болып, аса токсинді қосындылар жасалған еді. Дегенмен бүйректің қатерлі ісігі бар 52 пациенттің қатысуымен өткен тәжірибе жаңа препараттың қауіпсіз екенін көрсетіп отыр. Дертке шалдыққандардың 90 пайыздан астамында ремиссия байқалып, ал дерттің меңдеуі 20 айдай тоқтап тұрған.  


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай