11 қазан 2014 | 20:45

Маңғыстау облысы халқының жартысына жуығы семіздіктен зардап шегеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында халықтың 44 пайызы семіздіктен азап шегіп отыр Маңғыстау облысында халықтың 44 пайызы семіздіктен азап шегіп отыр

Маңғыстау облысында халықтың 44 пайызы семіздіктен зардап шегіп отыр, - деп хабарлайды "Лада".


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында халықтың 44 пайызы семіздіктен зардап шегіп отыр, - деп хабарлайды "Лада".

Маңғыстау облыстық Ұлттық дұрыс тамақтану орталығының жетекшісі Әлімжан Сағымбайдың айтуынша, қазақстандықтар ата-тегінен бері семіз малдың етін жеуге құмар. "Бірақ бұл дұрыс емес. Мұндай өнім адамды семіздікке шалдықтырады, қазіргі таңда бұл ең басты мәселеге айналып отыр. Біздің облыста халықтың 44 пайызы семіздіктен зардап шегеді. Ал мұның арты басқа да түрлі ауруларға алып келеді", - дейді ол. 

Сондықтан, Ұлттық дұрыс тамақтану орталығының өкілдері мен "Мейірбике" медициналық колледжі және Қазақ тағамтану академиясы бірлесіп, салауатты өмір салтын және үйлестірілген тағам негіздерін насихаттау үшін акция өткізді. Акция шеңберінде денсаулығын тексертуге тілек білдірген жұртшылық өзінде холестериннің және қандағы гемоглобиннің мөлшері қаншалықты екендігін білуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, өзінің салмағы мен бойының ұзындығын, артериалық қан қысымын өлшетті.  

Сонымен қатар, осы шара барысында көкөністер мен жеміс-жидектерді нарықтағы бағадан арзанға сату ұйымдастырылды. Айта кетейік, бұл акция "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде екінші жыл өткізіліп отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети