Майлы тағамдардан да жаман. Дәрігер қанның құрамын қоюлататын өнімдерді атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Токсиколог дәрігер Михаил Кутушов қанның ұюына әкеліп соқтыратын өнімдердің тізімін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Токсиколог дәрігер Михаил Кутушов қанның ұюына әкеліп соқтыратын өнімдердің тізімін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл өнімдерге майлы ет, ысталған ет, картоп, банан, сонымен қатар К дәрумені көп тағамдар жатады. Сонымен қатар біздің елде көп кездесе бермейтін шпинат, ақжелкен, швейцариялық борды, су кресі, Брюссель өскіндері бар.

"Қант - сусында да, тағамда да болады. Оны тұтынуды доғару керек. Жоғарыда аталған өнімдердің массасында қанттың жасырын түрде болатынын ескеру керек. Сондықтан әрбір тұтынған өнімдердің құрамына жіті назар аударып, композициядағы әртүрлі "сироптарға" назар аудара отырып, жапсырмаларды мұқият оқып шығу керек. Себебі қанттың әсерінен қандағы глюкоза деңгейі жоғарылайды және липидті қосылыстардың өндірісі артады", - деді дәрігер.

Ақуыздар мен аминқышқылдарының жетіспеушілігімен қан қоюлана бастайды. Сондықтан етті мүлдем жемей қалуға болмайды. Арнайы диета ұстап жүріп жеу керек. Бірақ бұл ең алдымен, майсыз сорттар, яғни күркетауық немесе тауық етіне қатысты. Сондай-ақ балық, сүт және жұмыртқаны да арагідік жеп тұру маңызды.

Сонымен қатар, сіз жалпы ас қорыту жүйесін бақылауыңыз керек. Себебі дұрыс тамақтанбау ағзадағы су балансын бұзып, қанды қоюлатады.

"Ас қорыту органдары қажетті ферменттердің жеткіліксіз өндірілуіне байланысты ағза қышқылданып, қан қоюланады", - деп нақтылады маман.

Дәрігер қанның қоюлануы варикозды тамырлардың, тромбофлебиттің, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруларының инфаркт қаупімен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro