Вильям Кэмбелл (William C. Campbell) мен жапон Сатоси Омура (Satoshi Ōmura) паразиттермен күрес саласындағы жаңалығы үшін және қытайлық Юю Ту (Youyou Tu) безгекпен күрес саласындағы жаңалығы үшін 2015 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы премияның сайтында жария болды.

Кэмбелл мен Омура жүлденің жартысын алады, ал қалған жартысы Туға бұйырады. Оның еңбегінің арқасында бұл дерттен болатын өлім жағдайларын 20 пайызға азайғаны айтылып отыр. 2015 жылы жүлдеге 327 ғалым ұсынылды, олардың 57-сі бірінші рет ұсынылып отыр.
Өткен жылы медицина саласында Нобель сыйлығын норвег физиологтары Мей Бритт Мозер және Эдвард Мозер, ағылшын неврологы Джон О'Киф мидың кеңістіктегі бағдарлануына қатысты жаңалық үшін алған болатын. Айта кетейік, физика бойынша жүлде иегерлері 6 қазанда белгілі болады.