Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Медицина бойынша Нобель сыйлығы безгекпен және паразиттермен күрес үшін берілді

05 Қазан 2015, 16:00
0
© REUTERS
© REUTERS

Вильям Кэмбелл (William C. Campbell) мен жапон Сатоси Омура (Satoshi Ōmura) паразиттермен күрес саласындағы жаңалығы үшін және қытайлық Юю Ту (Youyou Tu) безгекпен күрес саласындағы жаңалығы үшін 2015 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы премияның сайтында жария болды. 

Кэмбелл мен Омура жүлденің жартысын алады, ал қалған жартысы Туға бұйырады. Оның еңбегінің арқасында бұл дерттен болатын өлім жағдайларын 20 пайызға азайғаны айтылып отыр. 2015 жылы жүлдеге 327 ғалым ұсынылды, олардың 57-сі бірінші рет ұсынылып отыр.

Өткен жылы медицина саласында Нобель сыйлығын норвег физиологтары Мей Бритт Мозер және Эдвард Мозер, ағылшын неврологы Джон О'Киф мидың кеңістіктегі бағдарлануына қатысты жаңалық үшін алған болатын. Айта кетейік, физика бойынша жүлде иегерлері 6 қазанда белгілі болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай