14 наурыз 2014 | 16:34

Nestle балалар өніміне қатысты қауесетті жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nestle компаниясы Қазақстан мен Ресейден балалар тағамының қайтарып алынғаны туралы қауесетті жоққа шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 10 наурыз күні әлеуметтік желілерде Nestle компаниясының 2014 жылы жарамдылық мерзімі аяқталатын шыны ыдыстағы P`tit Pot Banana балалар пюресін қайтаруды сұрайтыны туралы хабар тараған еді. Хабар таратушылардың мәліметінше, бұл өнімдердің құрамында әйнек болуы мүмкін. Nestle мұндай қауесетті жоққа шығарды. "Біз тұтынушыларымызды Nestle компаниясының Ресей мен ТМД елдері нарығынан балалар қорегінің бірде-бір түрін қайтарып алмағанына сендіргіміз келеді. Біз қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпараттың 2011 жылы Батыс Еуропа нарықтарының бірінде болған оқиғаның бұрмаланған нұсқасы деп топшылаймыз. Ол кезде Nestle Францияда шыны ыдыстағы бананды Nestle P`tit Pot пюрелерін өз еркімен қайтарып алған еді. Бұл төтенше оқиғаның салдарынан бірде-бір баланың зардап шекпегенін атап өту маңызды", - делінген хабарламада. 2011 жылы болған бұл оқиғаның ТМД нарығына қатысы болған жоқ, өйткені аталған өнім тек қана Францияда сатылған. Nestle жүргізген тексерудің нәтижесіне қарағанда, мәселе өнімнің барлық партиясына емес, бір ғана банкісіне қатысты болған.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети