Норвегияда коронавирустың бұған дейін белгісіз штамы анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Норвегияның Тронхейм қаласында дәрігерлер коронавирустың бұрын белгісіз болған штамын анықтады. Бұл туралы NRK телерадиокомпаниясына коммунаның бас дәрігері Туве Росстад мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Норвегияның Тронхейм қаласында дәрігерлер коронавирустың бұрын белгісіз болған штамын анықтады. Бұл туралы NRK телерадиокомпаниясына коммунаның бас дәрігері Туве Росстад мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Бұл вирус қайдан шыққанын білмейміз. Норвегияда вирустың бұл түрі бұған дейін болмаған. Халықаралық базалар бойынша да іздедік, алайда ол жерлерден де табылмады", - дейді дәрігер. 

Маманның сөзінше, вирус мутацияланғаны туралы болжамды дәрігерлер осы штамды жұқтыру көбейе бастағаннан кейін жасаған. Ауру басталғаннан кейін коронавирус қоздырғышы 35 адамнан анықталған, тағы 1,5 мыңға жуық адам карантинге жіберілді, олардың көбі "Маленький Лондон" атты жергілікті клубта болған. 

Жергілікті ауруханадағы вирустың үлгілері Норвегияның Қоғамдық денсаулық институтына зерттеуге жіберілді. Жаңа вирустың нақты қасиеттері қандай екені әлі белгісіз. Сарапшылардың сөзінше, оны тез жұқтырып алу мүмкін, алайда қандай формада өтетіні белгісіз. 

Норвегиядан келген хабарға қатысты ойын білдірген ресейлік Анатолий Альтштейннің сөзінше, COVID-19 адаммен байланыссыз тарайды деп айту әлі ерте. Сарапшының сөзінше, ол еуропалық әріптестерінің нақты ғылыми есебімен әлі таныс емес. 

"Бірден айта кетейін, норвегиялық вирусологтардың жұмысымен таныс емемспін, "байланыссыз жұқтыру" дегеннің не екенін білмеймін. Вирусты тасымалдаушы - адам, ол инфекцияны басқа адамға ауа-тамшы жолдары арқылы таратады, мысалы амандасу арқылы болуы мүмкін", - дейді дәрігер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro