12 қазан 2021 | 14:40

Нұр-Сұлтан неге "қызыл" аймақтан шықпады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласының неге "қызыл" аймақтан шықпай жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласының неге "қызыл" аймақтан шықпай жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер бас дәрігерден жұқпалы аурулар ауруханалары қысқарып жатқанда, қаланың жарты жыл бойы "қызыл" аймақтан шықпауының себебін сұрады.

Бейсенова қалада ауру көрсеткіші төмендегенімен, аурудың қарқынды көрсеткіш деңгейі әлі де жоғары екенін атап өтті.

""Иә, біз наурыздан бастап "қызыл" аймақта болдық. Ол қарқынды көрсеткішке байланысты есептеледі, яғни 100 мың тұрғынға шаққандағы абсолюттік санға байланысты есептеледі. Егер 100 мыңнан асып кетсе, онда "қызыл" аймақта боламыз. Егер кейінгі аптада өткен аптадан асып кетсек, "қызыл" аймақта боламыз. Бүгінде аурудың төмендеуі байқалса да, бұл - аз мөлшердегі көрсеткіш. Бірақ қазір бізде қарқынды көрсеткіш 172-ні көрсетіп отыр, яғни 100-ден жоғары, сондықтан біз "қызыл" аймақта тұрмыз.  Абсолютті сан 100-ден төмендегеннен кейін біз "сары" аймаққа көшеміз", - деп түсіндірді Сархат Бейсенова.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қалада төсек-орындардың қысқарғанына қарамастан, "ауруға шалдығу әлі де жоғары" екенін атап өтті.

"Қазір стационарларда 578 адам бар. Бұл бір диагноз үшін көп. Қалада 578 адам емделетін басқа ауру жоқ. Аппендицит, тұмау және басқалары осындай көп емес. Біз төсек санын 4 мыңнан 990-ға дейін және науқастарды 3 мыңнан 600-ге дейін қысқартсақ та, ауру түбегейлі кетпеді. Сондықтан екпе алып, барлық қауіпсіздік шараларын сақтау қажет",- деп қосты Мұратов.

Бұған дейін Астанада №1 Көпбейінді қалалық аурухана базасында инфекциялық стационар жабылатыны хабарланды. Медициналық мекеме тәулік бойы және күндізгі стационарларға жоспарлы емдеуге жатқызуды жалғастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети