25 маусым 2020 | 11:47

Нұр-Сұлтанда аурухана инфекциялық стационарға берілді

Нұр-Сұлтанда № 1 көпбейінді қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде пайдаланылып жатыр. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда № 1 көпбейінді қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде пайдаланылып жатыр. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үлкендерге де, балаларға да шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қалалық көпбейінді ауруханада гематологиялық, токсикологиялық, неврологиялық бөлімдер ашылды. Себебі № 1 көпбейінді қалалық аурухана инфекциялық және профизорлық стационар ретінде пайдаланылып жатыр", - деді Қисықова ОКҚ онлайн-брифингте.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, жарақат не күйік шалғанда Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жүгінуге болады. Ал онкологиясы бар науқастарға Көпбейінді медициналық орталық көмек көрсетеді.

"Жүкті әйелдерді қаланың екі перинаталдық орталығы қабылдайды. Ал коронавирус жұқтырған жүкті әйелдер № 2 Перинаталдық орталыққа барады. Сондай-ақ № 1 және № 2 көпбейінді балалар стационарлары штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деп түйіндеді сөзін басқарма басшысы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная