Нұр-Сұлтанда карантин шараларын енгізгелі мобильді топтар жүктемесі 30 пайыз төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда карантин шараларын енгізгелі мобильді топтар жүктемесі 30 пайыз төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қала тұрғындары үй жағдайында сапалы медициналық көмек алып жатыр. Еске салайық, пандемия кезінде арнайы мобильді топтар құрылған болатын. Олардың құрамында фельдшер мен медбике жұмыс істейді. Бұл туралы Covid19.astana.kz сайты хабарлады.
"Мобильді топтар шақыртуларға барып, коронавирус инфекциясының белгілерін байқаса, біздің фельдшерлер үйден ПТР-зерттеу үшін қан алады. Сондай-ақ COVID-19-бен ауырған отбасы мүшелерінен талдау алынады. Осылайша олардың емханаға келуін азайтып, қауіпсіздігін сақтай аламыз", - дейді бас медбике Күлзи Әбенова.
Дәрігерлер үйде көрсететін медициналық көмектен басқа диспансерлік есепте тұрған науқастарға дәрі-дәрмек әкеледі. Сондай-ақ DamuMed қосымшасы арқылы онлайн-кеңестер өткізеді. Дәрігерлердің айтуынша, карантин енгізілгеннен кейін жағдай тұрақталған.
"Бүгінгі таңда бізде алты мобильді топ жұмыс істейді. Карантин енгізілгеннен кейін шақыртулар саны 30 пайызға төмендеді", - дейді маман.
Еске салайық, маусымда Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысымен коронавирус пен пневмония жұқтырған науқастарға көмек көрсету үшін мобильді топтар құрылды. Бүгінде елордада 200-ге жуық мобильді топ жұмыс істейді. Бір мобильді топ қызметі бес мың тұрғынға есептелген. Шілде айының басынан бастап Нұр-Сұлтан жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны үш есе азайды - күніне 3000-нан 1100-ге дейін. Оның ішінде коронавирус инфекциясы бойынша - тәулігіне 500-ден 89-ға дейін. Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандар саны 70 пайыз - 10 320 науқастың 7 260-ы сауығып шыққан. Төсек-орын қорына жүктеме 99 пайыздан 38 пайызға дейін төмендеді. 5 шілдеден бастап жүргізілген карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде пневмониямен ауруханаға түскендер саны екі есе - 1348-ден 633 адамға дейін азайды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!