Нұр-Сұлтанда вакцинация қашан басталады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда вакцинация қашан басталады? Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Нұр-Сұлтан тұрғындарын вакцинациялау бірінші кезектегі қауіпті топтарға вакцина егілгеннен кейін ғана басталады. Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан тұрғындарын вакцинациялау бірінші кезектегі қауіпті топтарға вакцина егілгеннен кейін ғана басталады. Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейсенованың айтуынша, вакцинация басымдық деңгейі бойынша жүргізіледі.

"1 ақпаннан бастап медицина қызметкерлерін вакцинациялау басталды. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2 008 медицина қызметкері екпе қабылдады. Олар жедел жәрдем, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жұқпалы аурулар стационарлары, жансақтау бөлімшелері, қабылдау бөлмелері, санэпидқызмет, сараптама орталығы, қала стационарлары қызметкерлері. Екінші кезеңде педагогтар мен күш құрылымдары қызметкерлері егіледі", - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, сәуір айында студенттерді вакцинациялау басталады.

"Болжам бойынша, қала тұрғындарына басымдық берілген топтардың барлық контингенті қамтылғаннан кейін ғана екпе жасалады. Яғни, мамыр айында қала тұрғындарын вакцинациялауға кірісеміз", - деді Бейсенова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети