Онкологиялық ауруларды сумен анықтау әдісі табылды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Онкологиялық ауруларды сумен анықтау әдісі табылды

Ғалымдар қатерлі ісікті ерте кезеңінде су молекулалары арқылы диагностикалау әдісін тапты, - деп хабарлайды Eurekalert сайты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар қатерлі ісікті ерте кезеңінде су молекулалары арқылы диагностикалау әдісін тапты, - деп хабарлайды Eurekalert сайты.

Басктер елі университетінің мамандары ісіктің 90 пайызында пайда болатын Tn антигендерінің екі түрін зерттеді және олар зардап шеккен тіндерді табу үшін перспективті биомаркер саналады.

Екі түрлі Tn антигені сумен әрекеттескен кезде реакция жүрген. Осылайша, треонинмен байланысты бірінші түрі ерітіндіде қатты формаға келеді, ал серинмен байланысты екінші түрі жұмсақ болады. Ғалымдардың пікірінше, Tn молекуласының эволюциясын қадағалаудың бұл әдісі қатерлі ісіктің даму дәрежесін бағалауға көмектеседі.

Сонымен қатар, зерттеушілер Tn антигенінің синтетикалық аналогын жасай отырып, қатерлі ісікке қарсы терапияны дамытуды жоспарлап отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети