13 маусым 2020 | 10:02

Павлодар облысында COVID-19 жұқтырып қайтыс болған науқастың алғашқы тесті теріс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © elements.envato.com Фото: © elements.envato.com

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасындағылар коронавирустан қайтыс болған Баянауыл ауданының 64 жастағы тұрғыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасындағылар коронавирустан қайтыс болған Баянауыл ауданының 64 жастағы тұрғыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Науқастың бауыры ауырған. Туыстарының айтуынша, әйелдің ұзақ уақыт бойы құрсақ қуысы ауырған, жүрегі айнып, лоқситын болған.

"26 мамырда науқасты жедел жәрдеммен шұғыл хирургиялық бөлімшеге әкелінді. Басында өкпесі қабынғаны және дене қызуы көтерілгені анықталды. Кейін ол провизорлық стационарға көшірілді. 29 мамырда COVID-19 анықтауға жасаған тестілеуі теріс болды", - деді ведомстводағылар.

Әйелді қараған кезде жүйелі қабыну ауруларының белгілері мен симптомдарын, кеуде қуысының шаншуын анықтағаны хабарланады.

Дәрігерлердің дерегінше, 2 маусымда COVID-19 анықтауға тапсырған тестілеуі оң болып шыққан. Әйелді инфекциялық госпиталдің жансақтау бөлімшесіне жатқызған.

"Науқастың жағдайы нашарлай түсті. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілді, мамандар кеңесті, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы Шұғыл медицина координациялық ұлттық орталығының сарапшы тобымен консилиум өтті. Қанша көмек көрсетілгені мен емге қарамастан, 2020 жылғы 11 маусымда сағат 23.30-да қайтыс болды", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Еске салайық, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 14238-ге жетті. 8829 адам аурудан айықты. 70 адам қайтыс болды, оның ішінде Павлодар облысында 10 адам көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети