Постковид синдромы қанша уақытқа созылатыны айтылды

Постковид синдромы қанша уақытқа созылатыны айтылды Фото: Тұрар Қазанғапов

Ресейлік терапевт дәрігер Алексей Водовозов постковид синдромы және оның салдары туралы айтты, - деп хабарлайды Sputnik

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік терапевт дәрігер Алексей Водовозов постковид синдромы және оның салдары туралы айтты, - деп хабарлайды Sputnik

Бас ауыруы, әлсіздік және есте сақтау қабілетінің нашарлауы - бұл коронавирус жұқтырып, аурудан айыққандарда пайда болатын белгілер. Дәрігерлер оны постковид синдромы ретінде қарастырады. Алексей Водовозовтың сөзінше, мұндай белгілер коронавирусты жеңіл өткерген көптеген адамда байқалады. 

Дәрігердің айтуынша, әзірге медицина қызметкерлері постковид синдромы қанша уақытқа созылатынын анықтап жатыр.  

"Әдетте ол ұзаққа созылмайды. Шамамен төрт аптадай. Бірақ аурудан айыққан көптеген адамда, симптомдар шамамен 12 апта не одан көп уақыт байқалады", - деді Водовозов. 

Дәрігердің сөзінше, постковид кезеңінің екі түрлі салдары болады. 

"Біріншіден, адамда бар созылмалы аурулар асқынуы мүмкін. Екіншіден, бұрын болмаған, постковид симптомына жатпайтын патологиялар пайда болуы мүмкін", - дейді маман. 

Алексей Водовозовтың айтуынша, коронавирус жұқтырып, аурудан айыққан адам вакцина салдырған жағдайда постковид синдромдары азаюы мүмкін. 

"Адам коронавирус жұқтырып, ауырып, сосын вакцина салдырса постковид симптомдары азаятыны туралы статистика бар. Әзірше ол масштабты зерттеу деңгейінде дәлелденген жоқ, бірақ ақпарат дүние жүзі бойынша жиналып жатыр", - дейді дәрігер. 

Айта кетейік, постковид кезеңі Аурулардың халықаралық жіктемесіне кірген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети