Қазақстанда 38 адам коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 38 адам коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 38 адам коронавирус жағдайына байланысты санитарлық бақылау жағдайында медициналық мекемелерде жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 38 адам коронавирус жағдайына байланысты санитарлық бақылау жағдайында медициналық мекемелерде жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазіргі уақытта медициналық мекемелерге коронавирус ауруын жұқтырды деген күдікпен 54 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 16 адамның диагнозы расталмаған, олар сауығып, жазылып шықты. Бүгінгі таңда жұқпалы аурулар ауруханаларындағы стационарларда 38 адам санитарлық қадағалаудың ерекше жағдайында тұр", - деді Біртанов.

"Диагностика жүргізу жалғасып жатыр. Алматыда аса қауіпті инфекциялар ғылыми ұлттық орталығы базасында Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп ДДСҰ әдістемесі бойынша коронавирустың генетикалық диагностикасы жолға қойылған. Зерттеулер жүргізіліп жатыр. Соған байланысты емдеу шараларына кірісетін боламыз", - деп толықтырды министр.

29 қаңтарда бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Қытайдан келген 35 адамның ауруханаға жатқызылғанын айтқан еді.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайдан және іргелес мемлекеттерден келген қазақстандықтардан дәрігермен байланысып, емханаға қаралуды сұрады

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети