Қазақстанда өкпе ауыстыру отасы тұңғыш рет сәтті жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда өкпе ауыстыру отасы тұңғыш рет сәтті жасалды © "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ

Қазақстанда өкпе трансплантациясы алғаш рет сәтті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда өкпе трансплантациясы алғаш рет сәтті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

Қыркүйектің 24-не қараған түні өкпе ауыстыру отасы жасалды. Ота 10 сағаттан аса уақытқа созылған. "Өкпеге жасалған ота отандық медицинадағы ерекшесі болып саналады. Бұл тыныс алу мүшелерінің күрделі ауруымен ауыратын қазақстандықтарға ота жасауға жинақталатын тәжірибенің бастамасы екенін көрсетеді", - деп хабарлады кардиохирургия орталығындағылар.

Айта кетейік, бұл ота 67 жастағы науқасқа жасалған екен. Ол тыныс жолы арқылы ауаның өтуіне кедергі болуына байланысты тыныс алу жеткіліксіздігінен зардап шеккен. Ер адам сегіз жыл бойы оттекпен тыныс алған.

"Науқастың өмірін аман алып қалу үшін оның өкпесіне ота жасату жалғыз мүмкіндік болды. Қазіргі уақытта науқас өз бетінше демала алады, жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Павлодар облысында қайтыс болған адамның органдары науқасқа донор болған. "Өз еркімен донорлыққа келісу, адамдардың адам өмірін сақтап қалуға дайын болуы адамгершілік пен шыншылдықтың мысалы бола алады. Донор болған отбасы мүшелерінің жасаған игі исі құрмет пен алғысқа лайық", - деді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ басқармасының төрағасы Юрий Пя.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети