Қазақстанда жансызданған саусақтарға тұңғыш рет операция жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жансызданған саусақтарға тұңғыш рет операция жасалды ©"Жетінші арна" кадры

Алматыда ресейлік хирургтар тұңғыш рет жансызданған саусақтарға операция жасады, - деп хабарлайды "Жетінші арна".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ресейлік хирургтар тұңғыш рет жансызданған саусақтарға операция жасады, - деп хабарлайды "Жетінші арна".

Яғни, қатты соққыдан сүйектері ұсақталып, қисайып немесе буыны зақымданған бармақтарды қалпына келтірді. Алматының №4 клиникалық ауруханасында саусаққа жасалған ота жасау процесі зергерлердің жұмысын көзге елестетті. Қылдай буындарды байланыстырып, жіңішке талшықтар мен ұсақ сүйектерді қалпына келтіру процесі жарты сағатқа созылды. Ресей хирургтері отандық мамандарға саусаққа жасалатын операцияның бүге-шігесіне дейін үйрету мақсатында осындай тәжірибе жасады. Олар болашақта өмір бойы сал адамдарға өз бетінше қимылдайтын денені ауыстыру мәселесін ғылыми тұрғыда зерттеп жатқанын жеткізді.

Профессор Игорь Голубев басты ауыстыру бойынша операция жасау жөнінде пікірін бөлісті. "Басты ауыстыру қазір маңызды мәселелердің бірі болып тұр. Бұған ғылыми қызығушылық басым, оны тәжірибе барысында қалай жүзеге асатынын елестету қиын. Қазір ми жұлынын қалпына келтіру процесін меңгеру керек. Сонда бас пен дененің қызметі бірге қызмет атқарады", - деді ол.

Ресей мамандары қойға жасалған тәжірибе сәтті жүзеге асқанын айтады. Алайда, оның адамдарға қашан жасалатыны белгісіз.

Еске салайық, осыған дейін басты ауыстыруға бірінші болып ресейлік бағдарламашының келісім бергені хабарланған болатын. Ал оның алдында Италияның дәрігері 2017 жылы басын ауыстыру операциясына келісім беретін адам іздегені жария болған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети